Амангелді ауылы

Мәдениет 

Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы және оған   қарасты 8 ауылдық мәдениет үйі, 7 ауылдық клуб бар. Штат бірлігі аудан бойынша 176 сала бойынша - 72. 

Сонын ішінде  мәдениет орталығы қызметкерлерінің саны - 68, ауылдық мәдениет ошақтары қызметкерлерінің саны – 108. 

Жоғары білімді – 62, оның ішінен мамандар саны – 36, арнайы орта білімді –60, оның ішінен мамандар саны -34, орта білімді -54, оның ішінен орташа мамандар – 2. 

Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған 1 мәдениет орталығы, 15 ауылдық клубы, оның ішінде 8 ауылдық мәдениет үйі, 7 ауылдық клуб бар. Типтік ғимараттарға орналасқан мәдениет мекемелері – 16. Клубы істемей тұрған елді мекендер: Көшек, Тамабек, Қараой ауылдары.

Клубы жоқ елді мекендер – 4, олар Талапты, Көктал, Тұрымқұл, Ақтөбе    ауылдары.

«Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы мен оған қарасты  ауылдық мәдениет ошақтарында өткізілген іс-шаралардың 2019 жылдың 11 айында   сандық көрсеткіштері: барлық өткізілген іс-шаралар саны - 263, оның ішінде ауылдық жерлердегі – 208, келген көрермендер саны – 28650, оның ішінде ауылдық жерлердегі – 18780, клуб құрылымдарының саны–73, оған қатысушылар саны –699, «Халықтық» атағы бар өнер ұжымдарының саны – 4 - «Талас толқыны» халықтық ән – би ансамблі, «Талас» халық театры, «Поколение» халықтық ардагерлер хоры және халықтық атаққа ие болған «Ғасыр ана» халықтық әжелер ансамблі, оған қатысушылар саны – 77, Үйірме саны – 60, оған қатысушы саны -596, оның ішінде 14 жасқа дейінгі үйірме саны – 43, оған қатысушылар саны -  363.    

2019 жылы жергілікті бюджеттен -   111,3 млн. теңге қаржы бөлінді. 

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жұмыс атқаратын қызметкерлер саны – 53, оның 38 кітапхана қызметкерлері болса, 6 – адам әкімшілік бөлімі, 9 - адам шаруашылық қызметкерлері. Жоғары білімді– 28, арнаулы орта білімді  – 19, орта білімді – 6.

Кітапханаларды кітаппен қамтамасыз ету үшін аудан бойынша жергілік бюджеттен 1142 дана келіп түсті. Мемлекеттік тапсырыстан 1897 дана кітап алынды. Оның ішінде 1897 мемлекеттік тілде. Бағасы 4 826 491 теңге. Облыстық қаржыдан 51 дана кітап, оның ішінде 51 дана мемлекеттік тілде алынды. Бағасы 19600 теңге. Сыйға 80 дана кітап, оның ішінде   73 дана мемлекеттік тілде алынды.

Аудан бойынша жалпы кітап кітап қоры 302 628 дана, мемлекеттік тілінде 165 628 дана болды.

Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша

Жалпы, аудан территориясында 64 тарихи-мәдени ескерткіш бар. 2010 жылғы облыс әкімдігінің №90 қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар 59 тарихи-мәдени ескерткіштері, сондай-ақ, республикалық дәрежедегі 5 тарихи ескерткіштер бар.  Олар: Бөріқазған, Тәңірқазған ежелгі адамдар тұрағы, Шель Ашель (Ақкөл ауылында), «Қара қожа» мешіті, «Абдолла ишан» мешіті, «Ақкесене» қарауыл мұнарасы. 

Тілдерді қолдау мен дамыту:

Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді қолдану мен дамыту бойынша 2019 жылға арналған іс-шаралардың жұмыс жоспары бекітілген.

Тілдерді дамыту мен қолдауға аудандық бюджеттен 2019 жылы 900 мың теңге қаржы бөлінді. 

Жоспарға сәйкес, бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтық көрнекті ақыны Әбділда Тәжібаевтің 110 жылдығына орай «Сырда туған сырбаз ақын» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты байқаулар ұйымдастырылды. 

Қазтест жүйесі бойынша 2019 жылдың І тоқсанында 138 адам диагностикалық тестілеуден, 11 адам сертификаттық тестілеуден өтті. 

2019 жылдың ІІ тоқсанында шығыс құжаттары 100% мемлекеттік тілде, ал, кіріс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 97,4% құрап отыр.

Ал жеке және заңды тұлғалардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі кіріс құжаттары 92,4%, шығыс құжаттары 95% құрап отыр.

2019 жылдың осы уақытқа дейін тіл саясатына байланысты аудандық «Талас тынысы» газетіне 23 мақала жарияланды.

Қазтест жүйесі бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанында 153 адам диагностикалық тестілеуден өтті. 

Ономастика:

2018 жылғы 26 ақпанда «Талас ауданы әкімдігінің жанынан әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, физикалық – географиялық объектілерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелер бойынша ұсыныс енгізу жөніндегі жұмысшы топ құру туралы»                          №47 қаулысымен қабылданған. 

Жалпы, аудан көлемінде 286 көше бар, оның ішінде тарихи тұлғалар атымен – 98, топонимикалық атаумен – 21-сы аталады, 104 көшеге кісі есімі, 31 - на жаңа атау берілген, 2 көше ру атауымен, 30 - көше орыс тіліндегі атаулар.

Сондай-ақ, ауданда 17 бұрылыс, 1 тұйық көше, 2 ықшам аудан, 4 саяжай кооперативтері, 3 гараж кооперативтері бар.

Ал, Қаратау қаласындағы аудан бойынша қалған (123 көше) 27-і көшеге қала әкімдігі тарапынан 2 млн тг. қаражат бөлініп, қазіргі таңда жаңа үлгідегі аншлагтармен қамтылу үстінде. 

Сыртқы көрнекі ақпарат құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, дұрыс орналасуына әдістемелік көмек көрсететін «Жедел желі» (Call center) қызметі жұмыс істейді. Сыртқы көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі 2019 жылдың қорытындысымен 100%-ға жетуі тиіс. 11 айдың қорытындысымен белгіленген меже 97%-ға жетіп отыр. 12 айдың қорытындысымен индикатор толық орындалады. Ағылшын тілін меңгерген халық санының үлесін жыл соңында арнайы сауалнама арқылы анықталады. Ағылшын тілін меңгерген  тұрғындардың үлесі аудандағы жалпы халқы санының 27% құрауы тиіс. Индикатор 12 айдың қорытындысымен толық орындалады деп күтілуде.

2019 жылдың барысында «Жедел желі» арқылы 22 рет әдістемелік көмек көрсетілді.

ТАМАБЕК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ




Аудан аты: Талас ауданы

Ауыл аты:Тамабек ауылы

Кітапхана атауы:Тамабек ауылдық  кітапхана 

Мекенжайы: Тамабек ауылы, Ташкентбай көшесі №1.

Орналасқан жері:Жеке ғимарат

Көлемі: жалпы- 24м ².

Ашылған жылы: 2005 жыл.

Кітапханашының аты-жөні: Тұрғыналиева Гүлжанат.

Білімі: жоғары  информатика мұғалімі.


 
 
 

ТАМАБЕК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ КІТАП ҚОРЫ







Кітапхана аттары

Кітап қоры

                                                                соның ішінде

Жаңа келіп

түскен

әдебиеттер 2020 ж.

Барлығы

мем.

тілде

Қоғамдық саяси

әдебиеттер

Жаратылыстану

ғылымдары,денсау

лық сақтау және медицина

Техника,ауыл және орман шаруашылығы

Өнер,дене 

шынықтыру

және

спорт

Филология

ғылымдары,көркем

әдебиет

Барлығы





245

мем.

тілде

Барлығы

мем.

тілде

Барлығы

мем.

тілде

Барлығы

мем.

тілде

Барлығы

мем.

тілде

Барлығы

мем.

тілде

1

Тамабек ауылдық кітапханасы
 
 

8013

4553

2391

1244

307

134

725

245

238

123

4352

2807


215