Ақкөл ауылы

Жер мәселесі 


Файлды жүктеу: talas-audany-zher-orlary.rar
9,24 Kb


Жер ресурстары 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту бойынша 2019 жылы жалпы жер көлемі 24551,048 гектарды (2019 жылғы жоспар – 11000 гектар) құрайтын 57 жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы әзірленіп, конкурс арқылы уақытша ұзақ мерзімге жалға беріліп, индикатор 223,2 пайызға орындалды. 

Елді мекен шегіндегі жер учаскелеріне аукциондар ұйымдастыру бойынша ағымдағы жылы жалпы 3 аукцион (2019 жылғы жоспар – 3 аукцион) өткізіліп, көлемі 2,4104 гектарды құрайтын 18 жер учаскесі аукцион арқылы беріліп, жергілікті бюджетке түсетін қаржы 18 102 700 теңгені құрады.

Бос ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді қайта айналымға енгізу бойынша ағымдағы жылы конкурс арқылы 365,3349 гектар (2019 жылғы жоспар – 150 гектар)  егістік жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірленіп, конкурс арқылы  уақытша ұзақ мерзімге жалға беріліп, индикатор 243,6 пайызға орындалды.

Суармалы егіс алқабын  ұлғайту (2019 жылғы жоспар – 50 гектар) – 100 пайыз орындалды.

1991 жылдан бері айналымнан шығып қалған егістік алқабын ұлғайту (2019 жылғы жоспар – 800 гектар) – 100 пайыз орындалды.

Елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылымдарының шекарасын орналастыру (2019 жылғы жоспар – 8 елді мекен)  индикаторлары бойынша жұмыстар толығымен орындалды.

Сонымен қатар мекеме тарапынан 2019 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша азаматтарға 1044 мемлекеттік қызметтер, оның ішінде «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» бойынша 581, «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» бойынша 42, «Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу» бойынша 43, «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу» бойынша 372  мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар тарапынан бөлімге 405 өтініштер келіп түсіп, өтініштер мерзіміне сәйкес орындалуда.

2018-2019 жылдары   шаруа қожалықтар өз еркімен барлығы 20,264 мың гектар, оның ішінде 975,0 гектар егістік (оның ішінде 612,0 гектар суармалы егістік), 89,0 гектар шабындық, 19,2 мың гектар жайылымдық жерлер ауданның мемлекеттік жер қорына қайтарды.

Сонымен қатар мекеме тарапынан жыл басынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге 36 жеке тұлғадан жалпы көлемі 28 мың гектарды құрайтын жер учаскелеріне сұраныс түсті. Түскен өтініштерді қанағаттандыру мақсатында аудандық босалқы жер қорындағы жер учаскелерін зерделеп, бектілген индикаторды орындау үшін жалпы көлемі 24,5 мың гектар құрайтын жер учаскелеріне ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес жерге орналастыру жобасы дайындалып, конкурс арқылы берілді